Кіру Тіркелу Демо нұсқасы ҚАЗ|РУС

Демо-режимде порталға тіркелусіз порталдың барлық мүмкіншіліктерімен танысуға болады. Қолданушының ойдан шығарылған мәліметтері қолданылады. Дерек қорына жазылу болмайды.

 

Демо-режимді қосу

Көмек

Жүйеге тіркелу

Тіркелу не үшін керек?

Барлық қызметтер тізіміне қолжетімділік үшін және порталмен жұмыс жасау үшін қолданушы тіркеліп, анкетада көрсеткен электронды поштаға келген хатты ашып, сілтемені басып тіркелуді растауы қажет.

«Электронды медициналық карта» қызметін пайдалану үшін Мемлекеттік қызметтер порталында алдын ала тіркелу қажет.

Бұл шаралар бірінші кезекте жүйенің қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты, сонымен қатар жеке картотека жүргізу мүмкіндігі, орындалған қызметтер тарихын қарау.

Қабылдауға жазылу үшін порталда тіркелу міндетті!

Танысу режимінде жұмыс үшін мына сілтемені пайдаланыңыз «Демо режим».

Порталда қолданушы есімін қалай құруға болады

  1. Сілтемеге басыңыз «Тіркелу» сайттың бастапқы бетінде. Сілтеме порталдың жоғарғы оң жақ бұрышында орналасқан. Негізгі қолданушының мәліметтерді енгізу формасы көрінеді.
  2. Форма жолын толтырыңыз:
    • Жеке мәліметтер:
      • Фамилия
      • Аты
      • Әкесінің аты
      • Туған күні
      • Жеке куәліктегі (мысалға, паспорт, туу туралы куәлік) мәліметтерді фамилия, аты және әкесінің атын көрсетіңіз . Тек орыс әріптеріне, бос орын, дефис белгісіне жол беріледі.

    • Нақты мекен-жайы және полис мәліметтері:
      • Аумақ – тұрып жатқан жері. Ашылмалы тізімнен таңдалады.
      • Ауылдық аймақ – ауылдық аймақ көрсетіледі. Ашылмалы тізімнен таңдалады.
      • Көше - Ашылмалы тізімнен таңдалады.
      • Үй
      • Көрсетілген мекен-жай бекітуге әсер етпейді. Бекітуді өзгерту үшін емханаға жолығыңыз.

      • Телефон – ұялы телефон нөмірін +7 (7 _ _) _ _ _-_ _-_ _ форматында көрсетіңіз.
      • Бұл ақпарат дәрігерге жазылу статусы, жұмыс кестесінің өзгеруі және т.б. өзгерістер туралы СМС-ақпараттандыру үшін қолданылады. Телефон нөмір активация жасалуы керек: көрсетілген телефон нөміріне жіберілген кодты енгізіңіз.

    • Полис:
    • Идентификация үшін мәліметтер:
      • E-mail – қолданушы есімін активациялау үшін хат жіберілетін электронды пошта адресі. Көрсетілген электронды мекен-жай порталға кіру үшін қолданылады. Бір электронды мекен-жайға тек бір ғана қолданушы есімі тіркеледі.
      • Құпия сөз – 6 таңбадан аз болмауы керек. Латын әріптері және сандар.
      • Құпия сөзді қайталаңыз – енгізілген құпия сөзді қайталаңыз.
      • Суреттегі код – жоғарыдағы суреттегі әріптер мен сандарды жолға енгізіңіз.
  3. Қызмет көрсету ережелерімен танысыңыз, жалаушаны қойыңыз, ол сіздің келіскеніңізді білдіреді.
  4. Батырманы басыңыз "Сақтау".
  5. Көрсетілген электронды мекен-жайға қолданушы есімін активациялау үшін хат жіберілді. Тіркелуді аяқтау үшін хаттағы сілтемеге басыңыз.

Менде қолданушы есімі бар, қалай кірем?

Қызметтерді пайдалану үшін міндетті түрде жүйеге кіріңіз, ол үшін:

  1. Бастапқы беттің жоғарғы жағындағы «Кіру» сілтемесіне басыңыз. Тіркелген порталда электронды мекен-жай мен құпия сөзді енгізетін форма пайда болады.
  2. Порталға тіркелу кезінде көрсеткен электронды мекен-жай мен құпия сөз мәліметтерін енгізіңіз.
  3. «Кіру» батырмасын басыңыз.

Құпия сөзді қалпына келтіру

Егер Сіз құпия сөзді ұмытып қалсаңыз:

  1. «Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?» сілтемесіне басыңыз. «Құпия сөзді қалпына келтіру» формасы пайда болады.
  2. Қолданушы есімін тіркеу кезінде Сіз қолданған электронды пошта мекен-жайын көрсетіңіз.
  3. «Жіберу» батырмасын басыңыз. Көрсетілген элеектронды мекен-жайға сілтемелі хат жіберілетін болады.
  4. Хаттағы сілтемеге өтіңіз.
  5. Жаңа құпия сөз енгізу форма пайда болады. Жаңа құпия сөзді енгізіңіз.

Құпия сөзді ауыстыру

Құпия сөзді ауыстыру үшін:

  1. Беттегі оң жақ бұрышындағы қолданушы профиліне тышқанның сол жақ батырмасын басып бетті ашыңыз.
  2. «Құпия сөзді өзгерту» сілтемесін басыңыз.
  3. «Құпия сөз» жолына, «Құпия сөзді қайталаңыз» жаңа құпия сөзді енгізіңіз.
  4. «Сақтау». батырмасын басыңыз

Портал қолданушысын өзгертіңіз

  1. Беттің оң жақ бұрышындағы «Шығу» батырмасын басыңыз.
  2. Электронды мекен-жай мен құпия сөзді көрсетіп, керекті қолданушымен кіріңіз.

Демонстрациялық режим

Танысу режимінде тіркелусіз порталдың барлық мүмкіншіліктерімен танысуға болады. Дерек қорына жазылу болмайды.

Кіру үшін "демо-режим" Қосу батырмасын пайдаланыңыз